2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Бидайық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген сұрақтары мен ұсыныстары бойынша іс-шаралар жоспары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«БЕКІТЕМІН»

Жаңаарқа ауданының әкімі                                                                                                                                                                                      __________Қ.Ш.Қожықаев

2026 жылғы «___» ________

 

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Бидайық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген сұрақтары мен ұсыныстары бойынша іс-шаралар жоспары

 

Аты-жөні,

мекен-жайы

 

Көтерген сұрақтары мен ұсыныстары

Орындалысы

Жауапты

(аты-жөні, лауазымы)

Орындалу

мерзімі

1

Ақшолақова Нүргүл – Бидайық ауылдық округі, Бидайық ауылының тұрғыны.

1. Бидайық ауылдық округінде биыл  Мәдениет үйіннің бірінші қабатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Екінші қабатта кітапхана мен әкімдік орналасқан, ол жерге де жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Соңғы рет 2013 жылы  кітапхаға жөндеу жасалған. Жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырып беруіңізді сұраймын.

Бақылауда: Сіздің сұрағыңызды бақылауға алатын боламыз. Алдағы уақытта ауылдық округ әкімі сметалық құжаттама әзірлеп, қанша қаражат қажет екендігін анықтайды. Содан кейін қаражат бөлу жағын қарастыратын боламыз.

 

 

Жамауов Нұржан Қадырбайұлы – Бидайық ауылдық округі әкімі.

 

 

 

 

 

 

31.12.2026

 

 

 

 

 

2

Баязитов Бейсенбек– Бидайық ауылдық округі, Бдайық ауылының тұрғыны

 

.

1. Ауылымыздың электр желілері тозған, тоқ мәселесі көп жылдан бері көтеріліп келеді. Толық күрделі жұмыс жасап 2 КРУН орнатып берсе, немесе Қарамола мен Таза

суды бөлек екі КРУН орнатып берсе жақсы болар еді.

 

Түсіндірілді:  Қазіргі таңда Жаңаарқа жылу мекемесіне қосымша қызмет түрін кіргіздік сол бағытта қазір жұмыс жасалуда егер тариф бекітілсе бөлек бөлімше ашылуға мүмкіндік болады. Егерде ашылатындай жағдай болса электрик мамандарын қосымша жұмысқа қабылдайтын боламыз. Ал  әлектр желілерінің құрылысына келер болсақ, біздің жоспарымызда барлық ауылдардың электр желілерін жөндеу бар. Алайда бұл мәселе көп қаржыны талап етеді. Қаражат бөлінген жағдайда кезен кезенмен жөнделетін болады.

Бидайық ауылдық округі әкімі – Жамауов Нұржан Қадырбайұлы.

 

 

 

 

 

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы –  Жұмақұл Есіл Мамратұлы  

 

 

Кездесу барысында түсіндірілді.

 

 

 

3

Шәкәрім Өмірхан – Бидайық ауылдық округі, Бдайық ауылының тұрғыны.

2025 жылы 69-РЗД елді мекеніне ауыз су орнатқан болатынбыз. Биыл (башня) мұнараға ауылдан жұмыс жасайтын жақсы бір адамды қойса, қазыргі танда жұмыс істеп жүрген  Жамбырбай Зейлов деген азамат жұмыс істеп отыр дегенімен толық жұмысын атқармайды. Профилактикалық жұмыс жасалмайды сол себептен генератор істен шықты. Сол себептен «Таза су» мекемесі өзінің баланысына алса.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылауда: Сіздің айтып отырған мәселеңіз назарға алынды. Алдағы уақытта ауыз су жүйесіне қызмет көрсету сапасы бойынша айтылған ескертулер тиісті мекемелермен бірлесіп қаралатын болады. Су мұнарасы мен оған қатысты жабдықтардың техникалық жағдайына тексеру жүргізіліп, қызмет көрсетуші маманның жұмысына баға беріледі.Сонымен қатар, ауыз су нысанын «Таза су» мекемесінің теңгеріміне беру мүмкіндігі және оған тұрақты әрі білікті қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселесі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қарастырылатын болады. Тексеру нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Бидайық ауылдық округі әкімі –  Жамауов Нұржан Қадырбайұлы  .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31.12.2026

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Тусупов Досым  – Бидайық ауылдық округі, Бдайық ауылының тұрғыны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Мен «Досжан» шаруа қожалығының иесімін. Ынтымақ ауылында жерім бар, бірақ өз жерімде су болмағандықтан Бидайық елді мекенінің жерінен 600 га маусымдық мал жайылымы үшін жерді жалға алып отырмын. Аттарында жерлері бар бірақ ешқандай шаруа қожалықтың мал жайылымы жоқ болғандықтан шаруашылықтардың жерлерін қайта алуға ықпал етуінізді сұраймын.

Түсіндірілді:

Аудан аумағындағы жайылымдық жерлердің пайдаланылу жағдайы қолданыстағы жер заңнамасы талаптарына сәйкес зерделеніп тиісті инспекцияға жерді  нысаналы мақсатына сай игермей отырған азаматтардың тізімін жолдаған болатынбыз. Инсаекция тарапынан қосымша тексерістер жүргізіліп  жерді  нысаналы мақсатына сай игермей отырған азаматтарға заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануы тиіс.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы – Құрмашев Айдын Қайроллаұлы

 

Жамауов Нұржан Қадырбайұлы – Бидайық ауылдық округі әкімі.

 

 

 

Кездесу барысында түсіндірілді

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhanarka/press/news/details/1252642?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді