2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап ЕАЭО аясында тауарлардың қадағалану механизмі енгізіледі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап ЕАЭО аясында тауарлардың қадағалану механизмі енгізіледі.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың қадағалану механизмі күшіне енетінін еске салады.

Тауарлардың қадағалануы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 180-бабына сәйкес жүзеге асырылады және қадағалануға жататын тауарларды, сондай-ақ ұлттық қадағалау жүйесін пайдалана отырып, олармен жасалатын операцияларды есепке алуды көздейді.

Тауарлардың қадағалану механизмінің жұмыс істеу қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 623 бұйрығымен бекітілген.

Қадағалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың айналымын жүзеге асыратын салық төлеушілер тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) «Виртуалды қойма» модулі арқылы ресімдеуі қажет. Мұндай тауарлар бойынша электрондық шот-фактуралар ресімделген ТІЖ негізінде жазылады.

Қадағалануға жататын тауарлардың тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 5 шешімімен бекітілген. Оған сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) 34 коды енгізілген.

Заңнама талаптарын сақтау мақсатында Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға және аталған тауарлардың айналымын жүзеге асыратын басқа да салық төлеушілерге жаңа талаптармен алдын ала танысуды және ТІЖ мен электрондық шот-фактуралардың уақтылы ресімделуін қамтамасыз етуді ұсынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1252781?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді