2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ресми түрде күшіне енді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Осыған орай, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында жаңа Ата Заңның мәні мен маңызы түсіндірілді.

Басқарма басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева қызметкерлерге Конституцияның еліміздің құқықтық жүйесін жаңғыртудағы рөлін түсіндіріп, онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға бағытталған негізгі өзгерістерге тоқталды.

Ата Заң – мемлекеттіліктің берік іргетасы, заң үстемдігі мен тұрақты дамудың кепілі. Конституцияны құрметтеу және оның қағидаттарын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Конституция – ел болашағының берік негізі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1252085?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді