
Кездесулер барысында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, аумақтарды абаттандыру, автомобиль жолдарының жай-күйі, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету және халықты толғандырған өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесулер ашық диалог форматында өтті. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, жауапты мемлекеттік органдар мен қызметтердің қатысуымен жан-жақты пысықталатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-audany-akimat/press/news/details/1252787?lang=ru

Жауап қалдыру