
«2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын осы ұйымдардың барлығы лицензиялануға, атап айтқанда: білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия (балабақшалар) және білім беру қызметінің кіші түрі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бойынша лицензияға қосымша (жанында шағын орталықтар мен мектепалды даярлық сыныптары жұмыс істейтін мектептер) алуға тиіс.
Департамент мамандары мектепке дейінгі ұйымдарды алдағы лицензиялау рәсіміне дайындау бойынша жүйелі ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп жатыр. Осылайша, бүгін облыс аудандарында жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен кездесу барысында қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру кезінде туындайтын ең өзекті мәселелер талқыланды.
Қалалар мен аудандардың білім беру бөлімдері Департаментке әрбір білім беру ұйымы бойынша талап етілетін рұқсат құжаттарының болуы немесе болмауы және біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан алдын ала мәліметтерді ұсынды».
Департамент 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы №268 «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» бұйрығымен біліктілік талаптары қолданысқа енгізілетінін еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1250747?lang=ru

Жауап қалдыру