Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы Қазақстан полициясы күнін салтанатты түрде атап өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы Қазақстан полициясы күнін салтанатты түрде атап өтті.  

Тәртіп сақшыларының төл мерекесінде сөз сөйлеген Департамент бастығы әділет полковнигі Ерлан Ұзақов жеке құрамды мерекемен құттықтап, олардың жауапты жұмыстарына табыс тіледі.

Төл мерекеге арналған жиында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің өз қызметінде үздік жетістікке жеткен қызметкерлері марапатталды. Атап айтқанда ҚАЖД Пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Гүлзат Мустафаева арнайы атағынан бір саты жоғары шен алса, бірқатар қызметкерлер «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі», «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін және Ішкі істер министрлігінің, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алғыс хаттарын иеленді.

Департамент бастығы Ерлан Ізтілеуұлы Ұзақов үздік қызметкелердің ата-аналарына да Алғыс хат табыстап, оларға  қоғамға лайықты ұл-қыз тәрбиелегендері үшін алғыс айтты.

Полиция күні мерекесінде қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар ант қабылдап, қатаң да жауапты қызметте жауаптылық танытуға міндеттеме алды.

Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке жалғасып, белгілі өнер иелерінің әндерін тамашалады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1250982?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді