Алматыда полиция электр көліктерін тіркеудің маңызын еске салды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Алматы қаласында қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын екі дөңгелекті электр көліктерін тіркеу жұмыстары жалғасуда.

     Полиция мұндай көлік иелеріне мемлекеттік тіркеуден уақытылы өтудің маңызын тағы бір мәрте еске салады. Мемлекеттік тіркеу көлік құралын заңды пайдалануға, меншік иесінің құқықтарын қорғауға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Егер сіздің екі дөңгелекті электр көлігіңіз міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын болса, құжат рәсімдеуді кейінге қалдырмауға кеңес береміз. Бүгінде тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген, көп уақытты талап етпейді. Көптеген азамат бұл процестен сәтті өтіп үлгерді. Мемлекеттік тіркеу – заң талаптарын орындау ғана емес, көлік құралын заңды пайдаланудың, меншік құқығын қорғаудың және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі, – деді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы процессинг орталығының бастығы Нұрсұлтан Ақмырзаев.

     Полиция департаменті азаматтардың мемлекеттік тіркеуге қатысты толық ақпарат пен кеңесті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алатынын еске салады. Сондай-ақ қажетті құжаттарды рәсімдеу де осы орталықтарда жүзеге асырылады.

     Полиция екі дөңгелекті электр көлігі иелерін заң талаптарын сақтап, көлік құралдарын уақытылы мемлекеттік тіркеуден өткізуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1250492?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді