Ақпараттық-құқықтық түсіндіру жұмысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 30 маусымында Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы халық арасында ақпараттық-құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізді.
🔹 Түсіндіру жұмысының негізгі тақырыбы зияткерлік меншік саласындағы негізгі жаңашылдықтар болды. Атап айтқанда, шығармашылық қызмет нәтижелерін қорғаудың конституциялық кепілдіктері, авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері түсіндірілді. Азаматтарға тауар белгілерін мемлекеттік қорғау, контрафактілік өнімдердің айналымына қарсы іс-қимыл және географиялық көрсеткіштер жүйесін дамыту мәселелері бойынша түсіндірме берілді.
🔹 Іс-шара соңында қатысушыларға зияткерлік меншік, авторлық құқық, географиялық көрсеткіштерді тіркеу және контрафактілік өнімдерге төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндірме материалдары қамтылған ақпараттық брошюралар таратылып, азаматтардың қойған сұрақтарына жауаптар берілді.

Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз кызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1250461?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді