Ақтөбе облысында жер қатынастары саласындағы жұмыстар: сұхбат қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы жер қатынастары басқармасының міндетін атқарушы Әділбек Қабидоллаұлы Ақтөбе телеарнасының «Ақпараттық сағат» хабарына сұхбат беріп, өңірдегі жер қатынастары саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті.

Сұхбат барысында ол Ақтөбе облысында жер ресурстарын ұтымды пайдалану, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2022–2025 жылдар аралығында облыс аумағында жалпы көлемі 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 1 млн 92,3 мың гектары қайта айналымға енгізілген. Қалған жерлерді игеру бойынша арнайы жоспар бекітіліп, жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.

Сонымен қатар, 2026 жылға арналған жоспар аясында жерді қайтару және жайылым тапшылығын азайту бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілгені айтылды. Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша жоспар артығымен орындалып, көрсеткіш 131 пайызды құраған.

Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану саласында рекультивация және жерді қалпына келтіру жұмыстарына ерекше назар аударылып отырғаны атап өтілді. Бірқатар жер пайдаланушылар бойынша міндеттемелердің орындалуы бақылауға алынған, сотқа жолданған материалдар да бар.

Бұдан бөлек, базалық ставкаларды қайта қарау мәселесі көтерілді. Бұл өзгеріс жер ресурстарын тиімді пайдалану мен салық түсімдерін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретіні айтылды. Базалық ставканы көтеру нәтижесінде жергілікті бюджет кірісін шамамен 15 пайызға арттыру көзделіп отыр.

Жалпы, сұхбат барысында өңірдегі жер қатынастары саласының негізгі бағыттары мен атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты қамтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1250573?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді