Ақтөбе облысының колледждерімен танысу – Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі ерекше орын алады.
 Оқу орнының тарихы 1977 жылдан бастау алады. Сол кезеңде өңірде ауыл шаруашылығы саласына орта буын мамандарын даярлауға деген сұраныс артып, Ақтөбе ауыл шаруашылығы техникумы ашылды. Кейіннен бұл білім ордасы облыстың жетекші аграрлық-техникалық колледждерінің біріне айналды.
 Бүгінде колледж аграрлық және техникалық салалар үшін сұранысқа ие мамандар даярлайтын ірі білім беру орталығы болып табылады. Оқу орнында мыңнан астам студент білім алады. Мұнда магистрлер, педагог-зерттеушілер және педагог-сарапшылардан құралған тәжірибелі оқытушылар қызмет етеді.
 2025 жылы колледж «Үздік колледж» атанып, бұл жетістік мамандар даярлау сапасының жоғары деңгейін және педагогикалық ұжымның көпжылдық еңбегін айқындады.
 «Жас маман» жобасы аясында колледждің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жаңартылды. Білім ордасы заманауи зертханалармен, мамандандырылған кабинеттермен және өндірістік алаңдармен жабдықталған.
 9-сынып базасында:
-Ветеринария;
– Ауыл шаруашылығын механикаландыру;
– Жерге орналастыру;
– Тағам өндірісінің технологиясы;
– Есеп және аудит;
– Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
– Электрмен жабдықтау.

11-сынып базасында:
– Агрономия;
– Ауыл шаруашылығын механикаландыру;
– Орман шаруашылығы;
– Ветеринария;
– Бақ-саябақ шаруашылығы;
– Жерге орналастыру;
– Тағам өндірісінің технологиясы.
Оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен тегін жүргізіледі.
 Өзге өңірлерден келген студенттер үшін 320 орындық жайлы жатақхана жұмыс істейді.
 Қабылдау комиссиясының байланыс нөмірлері:
 8 (7132) 99-43-05
 8 (701) 368-29-28
 8 (747) 285-93-64
 8 (707) 979-88-60
 Instagram: bersiev_college
 Құжат қабылдау мерзімі:
 күндізгі оқу бөліміне – 25 маусымнан 22 тамызға дейін;
 сырттай оқу бөліміне – 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.
 Мекенжайы: Қ. Ноқин тұрғын алабы, Көкшетау көшесі, 2.
 Жұмыс тәртібі:
 Дүйсенбі – жұма: 09:00-ден 18:00-ге дейін;
 Сенбі: 09:00-ден 14:00-ге дейін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1250984?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді