
1 шілде күні Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында айтулы күнге орай ұжымдық жиналыс өтті.
Басқарма басшысы М.Н. Оспанов ұжымды Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күнімен және Құрылтайдың негізі қаланған күнімен құттықтады.
«Ата Заң — мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі. Ал тарихи Құрылтайдың негізі қалануы — елдігіміз бен бірлігіміздің символы. Осы айтулы күндер біздің ортақ мақсаттар жолындағы еңбегімізге жаңа серпін береді», — деп атап өтті М.Н. Оспанов.
Жиын барысында мемлекеттілікті нығайту мен азаматтық қорғаныс саласын дамытудағы қызметкерлердің рөлі сөз болып, алдағы міндеттер айқындалды. Ұжым мүшелеріне амандық, еңбектеріне табыс және елімізге тыныштық тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/umptgo-aqmolaregion/press/news/details/1252012?lang=ru

Жауап қалдыру