АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесуге Шалқар ауданының әкімі Жидеханов Жанболат Өтеғұлұлы және аудан прокуроры Ақылбекұлы Айбар, аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Елеусізов Болатбай, “Атамекен” кәсіпкерлік палатасы Шалқар аудандық филиалы директоры Анапин Бақытжан Сейітжанұлы, мемлекеттік мекеме басшылары, ауданның кәсіпкерлері мен шаруа қожалық басшылары қатысты.

Кездесудің күн тәртібіне сәйкес, Шалқар аудандық кірістер басқармасының басшысы Н.Қоблашева жаңа салық кодексі туралы баяндама жасады.

Кездесу барысында кәсіпкерлер мен шаруа қожалық басшылары  тарапынан қойылған сұрақтарға заң талаптарына сәйкес нақты жауаптар беріліп, ұсыныстары тыңдалды.

Алдағы уақытта осындай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасын табатын болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1250790?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді