
Аудан әкімі Мұрат Сердалиннің төрағалығымен аудандық актив отырысы өтті.
Жиынға аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелер мен дербес бөлімдердің басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде аудан әкімінің орынбасары Ердос Үмітовтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты кадрлық мәселе қаралды.
Аудан басшысы Ердос Үмітовке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен мемлекеттік қызметтегі адал еңбегі үшін алғысын білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хатын табыстап, құрмет көрсетті. Сонымен қатар, жаңа қызметіне сәттілік пен толағай табыс тіледі.
Жиында сөз алған әріптестері де Ердос Үмітовтің ауданның дамуына қосқан үлесін атап өтіп, оған алдағы қызметіне сәттілік пен абырой тіледі.
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Ердос Үмітов өзіне сенім білдіріп, қызмет барысында қолдау көрсеткен аудан басшылығына, әріптестеріне және аудан тұрғындарына алғысын жеткізді. Ақжайық ауданында еңбек еткен жылдары мол тәжірибе жинақтағанын айтып, алдағы уақытта да ел игілігі жолында адал қызмет ететінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1250582?lang=ru

Жауап қалдыру