Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 30 маусым күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясы өтті. Сессия отырысын аудандық мәслихатының төрағасы О.Канагатов жүргізді. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Т.Бақытбекұлы, ауылдық округ әкімдері және аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушілері қатысты.

Сессияның күн тәртібіндегі  «Тарбағатай ауданы бойынша  2026-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» мәселесі бойынша аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі І.Серікұлы баяндама жасады.

Күн тәртібіне енгізілген мәселені депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, тиісті шешім қабылданды.

Аталған мәселе сессияға дейін бірлескен тұрақты комиссия отырысында алдын-ала қаралған.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясының жұмысы Интернет желісінде (LIVE) көрсетілді.

Онлайн трансляцияға сілтеме:https://youtube.com/live/6cILZtDBksA?si=Vd_glWBIfP1KHqIG

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1250663?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді