Аудандық Мәслихаттың кезекті отызыншы сессиясының отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін түске дейін аудандық мәслихат төрағасы Е. Махмутовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті XXX сессиясы өтті.
Сессия жұмысына мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімінің м.а. Т. Алтынғалиев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен мекеме-кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Аграрлық сектордың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, аудандағы ауыл шаруашылықтың жәй-күйі, жерді дамыту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шаралардың аудандық бағдарламасын әзірлеу жұмыстары туралы
2. Аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметтерін талдау, қоғамды біріктіруге, ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеп, насихаттауға арналған жұмыстарды жүргізу барысындағы бөлімнің жұмыстары туралы
3. Аудандық Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №8/67 «Маңғыстау ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша аудан әкімінің м.а. Т. Алтынғалиев , аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Молдашова баяндама жасады.
Т.Алтынғалиев ауданда ауыл шаруашылығы саласының жай-күйі және ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану жұмыстары жөнінде кеңінен тоқталды. Сондай-ақ депутаттардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген ұсыныстар бойынша айтып өтті.
Қаралған мәселелер бойынша мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-audany/press/news/details/1252830?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді