
2026 жылғы 3 шілде күні сағат 10.00-да VІІІ сайланған Аққулы аудандық мәслихатының XLVIII кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
- Аққулы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджетті туралы» №168/40 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Аққулы аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы «Аққулы ауданының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспары туралы» № 176/42 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Аққулы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
4. Аққулы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 8 маусымдағы «Аққулы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 200/47 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Аққулы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 186/46 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-akkuly/press/news/details/1250580?lang=ru

Жауап қалдыру