
Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы, Маңғыстау облыстық прокуратурасы және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің бірлесуімен профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында самокаттардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары жапондық әдістеме негізінде көрнекі түрде түсіндірілді. Балаларға жол қозғалысы кезінде аса мұқият болу, жаяу жүргіншілер өткелінен өтерде көлік құралының толық тоқтағанына көз жеткізу және жолды тек белгіленген жерден кесіп өту қажеттігі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, самокат және басқа да жеке қозғалыс құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, қорғаныш құралдарын қолдану маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара барысында қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың салдары арнайы көріністер арқылы көрсетіліп, жол ережелерін қатаң сақтау әрбір баланың өмірі мен денсаулығы үшін маңызды екені баса айтылды.
Сондай-ақ, ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың жолдағы қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстау және олармен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі ескертілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар балалардың жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1252596?lang=ru

Жауап қалдыру