
8 мамыр күні Бородулиха ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауданның барлық ұйымдары мен мекемелерін, сондай-ақ ауылдық округтерді біріктірген ауқымды сенбілік өтті. Тұрғындар, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар мен еріктілер аумақтарды тазалау және абаттандыру, қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту және ауданның елді мекендерінде тәртіп орнату жұмыстарына белсене қатысты. Акцияға Бородулиха аудандық мәслихатының аппараты да қосылды. «Таза Қазақстан» – тазалықты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған маңызды бастама. Барлық қатысушыларға белсенділіктері, жауапкершіліктері және ортақ іске қосқан үлестері үшін алғысымды білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1252823?lang=ru

Жауап қалдыру