Департамент бактерияға қарсы препараттарды рецепт арқылы босату тәртібін қатаң сақтау қажеттігін еске салады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасында антибиотиктерді рецепт арқылы босату талаптарына бақылау күшейтілуде. Бұл шаралар антибиотиктерді ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге, олардың бақылаусыз пайдаланылуының алдын алуға және антибиотиктерге төзімділіктің (антибиотикорезистенттіліктің) таралуын азайтуға бағытталған.
 
Естеріңізге саламыз, бактерияға қарсы препараттар дәрігердің рецептісі бойынша ғана босатылады. Оларды рецептісіз өткізу заңнама талаптарын бұзу болып табылады.
 
Рецепт арқылы босатылатын антибиотиктерді цифрлық платформалар, онлайн-сервистер және интернет-дәріханалар арқылы заңнама талаптарын сақтамай өткізуге жол берілмейді. Дәрілік заттарды тек тиісті лицензиясы бар дәріханалардан сатып алуды ұсынамыз.
 
Рецепт арқылы босатылатын препараттарды рецептісіз өткізгені үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Азаматтарға антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдап, оларды тек рецепт негізінде сатып алуға кеңес береміз.
 
Рецепт арқылы босату қағидаларын сақтау – халық денсаулығын қорғаудың және антибиотиктерге төзімділіктің алдын алудың маңызды кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/1251178?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді