
Құрметті жерлестер!
Бүгін – еліміз үшін аса маңызды ерекше тарихи күн. Себебі, бүгіннен бастап егемен еліміздің басты төлқұжаты Конституциясының жаңа редакциясы қолданысқа еніп отыр. Бұл ел дамуы үшін уақыт сүзгісінен өтіп, халықтың талап – тілегі ескерілген жаңа кезең деп білемін. Жаңа Конституция демократиялық институттарды нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде әділетті мемлекетті құруға берік негіз қалайды.
Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Жаңартылған Конституция осы оң өзгерістердің іргетасына айналып, азаматтарымыз бен олардың өмір сүру құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде айқындай отырып, еліміздің одан әрі даму жолындағы стратегиялық бағытын белгіледі. Сондықтан Конституцияда айқындалған қағидаттарды сақтау мен іске асыру – Сіз бен Біздің ортақ міндетіміз.
Осы тарихи күнмен барша аудан тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс, туған өлкеміздің өсіп-өркендеуіне ортақ үлес қоса берулеріңізге тілектеспін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1252380?lang=ru

Жауап қалдыру