Елордада жастар арасында есірткіге қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     “Taza Fest Astana” жастар және отбасылық экологиялық фестивалі аясында Астана қаласы полиция департаменті есірткі қылмыстарының алдын алуға және жастар арасында есірткіге қарсы берік ұстаным қалыптастыруға бағытталған “Заң мен тәртіп – есірткіге жол жоқ!” атты ақпараттық-профилактикалық алаң ұйымдастырды.

     Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтары кинологиялық қызметтің жұмысымен танысып, қызметтік иттер мен робот-иттің мүмкіндіктерін тамашалады. Сонымен қатар тақырыптық көрмені аралап, есірткіге қарсы күрес бағытында ұсынылған ақпаратпен танысуға мүмкіндік алды.

     Фестиваль аясында еріктілер қатысушыларға есірткінің зияны, оның заңсыз айналымының салдары және есірткі қылмыстарының алдын алу жолдары туралы ақпараттық жадынамалар мен парақшалар таратты. Ал полиция қызметкерлері профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың көкейіндегі сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

     Іс-шара барысында жастармен жұмысқа ерекше назар аударылды. Полицейлер есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты заңнамада көзделген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың, зиянды әдеттерден аулақ болудың және саналы таңдау жасаудың маңыздылығын атап өтті.

     Мұндай профилактикалық іс-шаралар халыққа маңызды ақпаратты қолжетімді түрде жеткізуге, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамның назарын есірткі қылмыстарының алдын алу мәселесіне аударуға ықпал етеді.

     Астана қаласы полиция департаменті есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда “Заң мен тәртіп” қағидаттарын нығайту бағытындағы кешенді жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1252837?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді