
Департаментте Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша Сараптамалық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына Қызылорда қаласындағы құрылыс, мұнай және басқа да қызмет көрсету саласындағы компаниялардың еңбек қауіпсіздігі жөніндегі мамандары қатысты. Департамент басшысының міндетін атқарушы Болат Досымов кеңес отырысында Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2026 жылғы 7 сәуірде қол қойғанын атап өтіп, еңбек қауіпсіздігі және еңбек адамының құқықтарын қорғау тетіктері қамтылған осы құқықтық актінің 2026 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енгендігін жеткізді. Кеңес жұмысында департаменттің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Б.Жұманов аталған заңнамада еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған жаңашылдықтарға тоқталып, бұл өзгерістер еңбек қатынастарында әділдікті қамтамасыз етуге және қызметкерлердің құқықтарын қорғау деңгейін арттыратынын атап өтті. Сонымен қатар Б.Жұманов 2026 жылдың есепті мерзімде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттануды төмендету бағытындағы жұмыстар туралы қысқаша ақпарат беріп өтті. Атап айтқанда, жоспарға сәйкес 12 кәсіпорында кәсіби тәуекелдерді бағалау жүргізілсе, «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасына 43 кәсіпорын қосылғанын және жыл басынан бері облыс бойынша белсенді кәсіпорындардың 73 пайызы жұмыскерлерін жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасқанын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1251430?lang=ru

Жауап қалдыру