Есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Профилактикалық кабинетте учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А.Тәжі есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық сұхбат жүргізді.

Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын қатаң сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру және жауапкершілікті күшейту мәселелері ерекше атап өтілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1252609?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді