Есірткіге қарсы іс-шаралар аясында түсіндіру семинары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №1117 қаулысымен бекітілген 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде түсіндіру семинары өтті.

Іс-шараға Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Зиноллин Ақылбек Алтынбекұлы қатысты. Семинар барысында департамент қызметкерлеріне есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, синтетикалық есірткілердің зияны, оларды заңсыз сақтау мен таратқаны үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу барысында есірткінің адам денсаулығына, қоғамға және отбасы құндылықтарына тигізетін кері әсері айтылып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап алды.

Маңғыстау облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті қоғамда есірткіге қарсы мәдениет пен иммунитетті қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1251684?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді