
Бирлік ауылдық округінде ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп ТОО қызметкерлерімен, фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) мамандарымен, жеке кәсіпкерлермен (ЖК), сондай-ақ округ тұрғындарымен профилактикалық іс-шаралар өткізді. Түсіндіру жұмыстары барысында су айдындарында рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға тыйым салу, судағы қауіпсіздік шараларын сақтау, интернет-алаяқтықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, мал ұрлығының алдын алу, сондай-ақ қараусыз малдың жүруіне және бақылаусыз жайылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тұрғындарға ауыл шаруашылығы жануарларын тиісті түрде күтіп-бағу және уақтылы есепке алу қажеттілігі, олардың бақылаусыз жайылуына жол бермеу, сондай-ақ мал ұрлығының алдын алу мақсатында өз мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдау керектігі түсіндірілді.
Кездесу қатысушыларына жеке қауіпсіздік шараларын сақтау, сақ болу, интернет-алаяқтардың айла-амалдарына түспеу, заңнама талаптарын орындау және құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына уақтылы хабарлау қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1252112?lang=ru

Жауап қалдыру