Кәмілетке толмағандардың еңбегі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің төрағалығымен 2026 жылы 15-маусымда өткен аппараттық кеңесте берілген хаттамалық тапсырманың 5.2 тармағын орындау бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілді.

Кәмілетке толмаған жұмыскерлердің еңбек құқықтары бұзылуының алдын алу және оларды қамтамасыз етуге жауапты болып Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің еңбек қатынастары бөлімінің басшысы-мемлекеттік еңбек ииспекторы  Ғ.Шарипов және А.Масалин бекітілді, үйлестіру Департамент басшысының орынбасары С.Алимановқа жүктелді.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Ішкі істер минимтрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне жолданған хаты аясында Шымкент қалалық полиция департаментімен байланыс орнатылып түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бірлескен рейдтік іс шаралар ұйымдастыру пысықталуда.

Сонымен қатар, Департаменттің бөлім басшысы-мемлекеттік еңбек ииспекторы  Ғ.Шарипов  қала аумағында орналасқан “Мизам” тамақтану орнында кәмілетке толмаған жұмыскерлердің еңбек құқықтарының ерекшеліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1251883?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді