Кезекті комиссия отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Адам құқықтар жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында, Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысынына қатысты.
Күн тәртібінде қаралған сұрақтар:
1. Мектептер мен колледждерде білім алушылар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, психологиялық қауіпсіз ортаны қалыптастыру және тәуекел топтарымен жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйі туралы;
2. ⁠Жасөспірімдер арасындағы буллингтің (кибербуллингтің), тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау саласында мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы;
3. ⁠Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары және ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы сұрақтар қаралып Өкіл тарапынан 2 ұсыныс ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1250623?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді