
Конституция – мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласын реттейтін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын ең басты заң. Ол – тәуелсіздігіміздің тұғыры, тұрақтылығымыздың тірегі және жарқын болашағымыздың кепілі.
Конституциялық құндылықтарды қолдау – заңға құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілікті арттыру және мемлекетіміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Бүгінгі реформалар елдің жаңаруына, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Біз барлығымыз заң үстемдігіне, әділдік пен теңдік қағидаттарына сүйенетін қоғам құру жолында бірлесе еңбек етуіміз қажет. Өйткені мықты Конституция – мықты мемлекет пен берекелі қоғамның кепілі.
Еліміздің бірлігі бекем, Конституциямыздың мәртебесі биік болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1251113?lang=ru

Жауап қалдыру