
🔹Бүгін Ордабасы ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған салтанатты жиын өтті.
🔹Жиында аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз сөз сөйлеп, жаңарған Конституцияның мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, заң үстемдігін нығайтуда және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы тарихи маңызын атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай жариялаған үндеуінің мәніне тоқталып, қатысушыларды мерекемен құттықтады.
🔹 Сондай-ақ аудандық Әкелер мектебінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Л.Жүсіп Конституцияның ел тәуелсіздігі мен қоғамдық тұрақтылықтың берік кепілі екенін айтып, Ата Заңды құрметтеу – әрбір азаматтың парызы екенін жеткізді.
🔹 Іс-шара соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы салтанатты түрде табысталды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1252694?lang=ru

Жауап қалдыру