МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ – КӘСІПТІҢ ДАМУЫНА СЕРПІН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларының нәтижесінде ауыл тұрғындары өз кәсіптерін дамытып, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуде. Осындай қолдаудың игілігін көргендердің бірі – ауыл тұрғыны Рысты Төлеуқызы
 
Ол «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы» аясында «Сүт бағытындағы мүйізді ірі қара өсіру» бизнес-жобасын сәтті қорғап, 1 572 800 теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды.
 
Қазіргі таңда бөлінген қаражат толықтай мақсатты түрде игеріліп, жоба аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
 
Рысты Төлеуқызы мемлекеттік бағдарламалардың кәсіп бастауға және оны дамытуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, кәсіп ашуға ниетті азаматтар мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдаланып, кәсіпкерлікке қатысты оқыту семинарлары мен кездесулерге белсенді қатысса, өз кәсібін дамытуға мол мүмкіндік алады.
 
Мемлекеттік бағдарламалар ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.
 
Аманкелді а/о әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1251622?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді