Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 60-шы сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 30 маусымы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 60-шы сессиясы болып өтті. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы Көкрекбаев Мұратбек Болысбекұлы жүргізіп отырды.

Алқалы жиынға Меркі ауданының әкімі Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлы және аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде ауданның қоғамдық-саяси өмірі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты келесідей 4 маңызды мәселе қаралды:

1.«Меркі аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлау туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №17-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2.«Меркі аудандық бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары құрамдарын қалыптастыру туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №41-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3.Жаңадан құрылған №528 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы;

4.«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №52-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Талқылау барысында халық қалаулылары күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде аудандық бюджетті нақтылау және цифрландыру жобалары бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Қойылған сұрақтарға аудан әкімі Е.Ж. Жиенқұлов пен тиісті сала басшылары заңдылық шеңберінде толықтай түсініктеме берді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралып, депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты және тиісті шешімдер қабылданды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-merke/press/news/details/1250850?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді