
Меркі ауданындағы орталық стадионында Жамбыл облысы мен Өзбекстан құрама командаларының еркін күрес шеберлерінің қатысуымен «Merke Wrestling» атты жолдастық кездесу өтті.
Күрес алаңында жамбылдық және өзбекстандық нағыз батырлар бас қосты.
Боз кілемде әулиеаталықтардан Әлем және Азия чемпионаттарында топ жарып жүрген Рахат Қалжан (57 кг), Нұрланбек Әбдінұр 61(кг), Дүйсенқұл Қуаныш (70 кг), Мейіржан Аширов (74 кг), Дәулет Ергеш (79 кг), Нұрдаулет Қуанышбай сынды спортшылар бақтарын сынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/1252846?lang=ru

Жауап қалдыру