Мүліктік табыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

  Жеке тұлғада жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табыс:

  – тұрғын үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары, қоймалар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері, жер учаскелері, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу мақсаттары, гараж, тұрақ орындары – меншік құқығы тіркелген күннен бастап олар меншік құқығында кемінде екі жыл болған жағдайда;

  – өзге де жылжымайтын мүліктің (коммерциялық жылжымайтын мүлік, коммерциялық объектілер құрылысына арналған жер учаскелері) меншік құқығында болу мерзіміне қарамастан;

  – Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі жылжымайтын мүліктің меншік құқығында болу мерзіміне қарамастан.

      Жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табыс:

– өткізу кезінде – өткізу бағасы (құны) мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма.

       Жылжымайтын мүлік объектісінің бастапқы құны осы объектіні сатып алудың құжатпен расталған бағасы (құны) болып табылады.

 

      Сатудың басқа жағдайларында жылжымайтын мүліктің бастапқы құны:

1) салынған ғимарат сатылған жағдайда ғимарат салу үшін жер учаскесін сатып алу құны;

2) салынған жеке тұрғын үй сатылған жағдайда – нарықтық құн;

3) жеке тұлғаның сатып алынған мүлік бойынша оны сатып алу бағасы туралы құжатпен расталған мәліметтері болмаған кезде кадастрлық құны;

4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлікті өткізген жағдайда – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы;

          Өтеусіз алынған мүліктің бастапқы құны:

      1) бұрын өтеусіз алынған мүлік түріндегі табысқа енгізілген құн – өтеусіз алынған мүліктің құны дара кәсіпкердің салық салынатын табысына немесе жеке тұлғаның салық салынатын табысына енгізілген жағдайда;

      2) мұрагерлік, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүлікті өткізген (берген) жағдайда – нарықтық құн;

      3) бағалау құны – жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылатын мүлікті өткізген (берген) жағдайда;

      4) жер учаскесі сатылған (берілген) жағдайда – кадастрлық (бағалау) құны;

      5) барлық қалған жағдайларда – нөлдік құн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1250477?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді