Наурызбай ауданында “Ашық есік күні” өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Наурызбай ауданында азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған “Ашық есік күні” өтті.

Іс-шара барысында тұрғындарға азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, атқарушылық іс жүргізу, нотариат, адвокаттық қызмет және басқа да құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Азаматтарға жеке қабылдау ұйымдастырылып, олардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты жауаптар берілді. Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1250967?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді