
Түпқараған аудандық полиция бөлімінің профилактикалық кабинетінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық есепте тұрған азаматпен жеке профилактикалық сұхбат өткізілді.
Іс-шараға ауданаралық наркологиялық қызметтің мамандары қатысып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы өзара сыйластықты сақтау, жанжалдардың туындауына жол бермеу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сұхбат барысында азаматқа қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша ақпарат берілді. Сондай-ақ алдағы уақытта құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі ескертілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1251691?lang=ru

Жауап қалдыру