Қарағанды облысы ПД қызметкері самбодан Азия және Мұхит аймағы чемпионатында Қазақстан қоржынына күміс медаль салды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысы ПД қызметкері самбодан Азия және Мұхит аймағы чемпионатында Қазақстан қоржынына күміс медаль салды. Қазақстандық спорт халықаралық аренада тағы бір мәрте жоғары нәтиже көрсетті. Бұл жолы еліміздің және құқық қорғау органдарының абыройын Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері, полиция капитаны Ниетхан Төлеухан асқақтатты. Ол жуырда Филиппин астанасы Манила қаласында өткен самбодан Азия және Мұхит аймағы чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Беделді халықаралық додада отандасымыз тартысты белдесулер нәтижесінде финалға дейін жетіп, күміс медальді жеңіп алды. Бұл жетістік спортшының жоғары шеберлігі мен кәсіби даярлығының айқын көрінісі ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызмет пен спортты қатар алып жүріп, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын дәлелдейді. Маниладағы чемпионат ауқымдылығымен ерекшеленді. Дүбірлі додаға Азия және Мұхит аймағындағы 30 елден 500-ге жуық үздік балуан қатысты. Жарыс жасөспірімдер, жастар және ересектер санаттары бойынша ұйымдастырылды. Ниетхан Төлеуханның ересектер арасында көрсеткен өнері чемпионаттың жарқын сәттерінің біріне айналды. Финалға дейінгі жолда ол жоғары дайындық деңгейін, мықты тактикалық шеберлігі мен жеңіске деген жігерін көрсетті. Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы мен әріптестері спортшыны жоғары жетістігімен құттықтап, мұндай жеңістер қазақстандық полицияның беделін арттырып, тәртіп сақшысының кәсібилігімен қатар, қайсар рухы мен жеңіске деген ерік-жігерін айқын танытатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1250525?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді