
2026 жылғы 23 маусымда «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қарақия ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті мемлекеттік мекемелердің қатысуымен «Жолдағы қабылдау» акциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсету, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдау және оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешу жолдарын түсіндіру.
Акция барысында тұрғындарға құқықтық кеңестер беріліп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ өзге де құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары қабылданып, көтерілген мәселелер бойынша заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.
Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара байланысты нығайтуға және тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1252549?lang=ru

Жауап қалдыру