
Қарақобда ауылындағы қоқыс полигонында тазалық жұмыстары жүргізілді
Қарақобда ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында санитарлық тазалау және ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстары барысында аумақ шашылған қоқыстан тазартылып, полигонның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды. Бұл шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыл аумағында тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Таза әрі көрікті ауыл – әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан ауыл тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға ғана тастауға және тазалыққа бірлесе атсалысуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karaqobda/press/news/details/1250990?lang=ru

Жауап қалдыру