
Будапешт, 2026 жылғы 23 маусым – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Халықаралық кинология федерациясының (FCI) президенті Тамаш Яккелмен кездесті.
Кездесу барысында Елші Тамаш Яккелге қазақтың ұлттық ит тұқымдарын халықаралық деңгейде таныту және насихаттау бағытындағы қолдауы үшін алғыс білдірді.
Тараптар кинология саласындағы өзара іс-қимыл, ұлттық ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ қазақы тазы тұқымының халықаралық мәртебесін одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Айта кетейік, 2024 жылғы 3 қыркүйекте Халықаралық кинологиялық федерациясы қазақы тазы тұқымын алдын ала негізде ресми түрде танып, Қазақстанды аталған тұқымның шыққан елі ретінде бекітті. Бұл шешім ұлттық мұраны сақтау және қазақы тазыны әлемдік деңгейде таныту жолындағы маңызды тарихи қадам болды.
Кездесу соңында тараптар осы бағыттағы байланысты жалғастыруға және қазақтың ұлттық ит тұқымдарын халықаралық аренада ілгерілету бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1250523?lang=ru

Жауап қалдыру