
«Қазақстан–Қытай» құбыры» ЖШС-де Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен конституциялық реформалардың маңызын түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға Конституцияның қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы, сондай-ақ заңнаманы жетілдіруге бағытталған конституциялық өзгерістер кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында құқықтық мәдениетті арттыру, заң талаптарын сақтау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын нығайту мәселелері талқыланып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1250962?lang=ru

Жауап қалдыру