
Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі А.Т. Әшімова облыс аудандарына жұмыс сапарларын жүзеге асырды.
Жұмыс сапары барысында Марқакөл ауданында тұрғындармен кездесу өткізіліп, оның аясында адам құқықтарын қорғауға жәрдемдесу саласындағы Омбудсмен институтының қызметі туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, А.Т. Әшімова аудандық кітапханаға барып, мекеменің қызметімен танысып, кітапхана қызметкерлерімен пікір алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-vko-oblysy/press/news/details/1250760?lang=ru

Жауап қалдыру