
Лагерді аралау барысында балаларды маусымдық сауықтыру лагерлерін лицензиялау кезінде қойылатын Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігіне мән берілді.
Сонымен қатар, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру сапасы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және маусымдық сауықтыру ұйымдарының мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, облыс аумағында балалардың жазғы қала сыртындағы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыруға арналған барлығы 24 нысан орналасқан. Оның ішіндегі 22 нысанда, қазіргі таңда 11 687 бала демалып, сауықтырылуда.
Вице-министр Шынар Қуанышқызы лагерьдің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, жауапты тұлғалармен пікір алмасып, балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын қамтамасыз ету, заңнама талаптарын қатаң сақтау және лицензиялау рәсімдерін уақытылы аяқтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлудің маңызын атап өтті.
Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайту мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет назарындағы басым бағыттардың бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1250857?lang=ru

Жауап қалдыру