Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды алаяқтардың телефон арқылы хабарласу жағдайлары туралы ескертеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

          Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері азаматтарға қандай да бір хаттың келіп түскені туралы хабарлау үшін, құжаттарды пошта немесе курьерлік қызмет арқылы алуды ұсыну үшін қоңырау шалмайды. Сондай-ақ олар SMS арқылы келген кодтарды, оның ішінде 1414 нөмірінен келген кодтарды хабарлауды, растау кодтарын, құпиясөздерді, банк карталарының деректемелерін және басқа да жеке деректерді айтуды талап етпейді.

       Егер сізге осындай қоңырау шалынса:
       ешқандай кодтар мен жеке деректеріңізді хабарламаңыз;
       жіберілген сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз;
       сөйлесуді бірден тоқтатыңыз;
       қажет болған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына ресми байланыс арналары арқылы хабарласыңыз.

       Қырағы болыңыз және жақындарыңызға ескертіңіз. Алаяқтардың сеніміңізді пайдалануына жол бермеңіз. Ақпаратты тек ресми ақпарат көздерінен алыңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1252602?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді