ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКІ ОТЫРЫСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 2 шілде күні аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ж. Дауталиевтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы А. Рамазанов, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері және тиісті мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

🔹 Индербор кентіндегі санитарлық тазалық пен көше жарықтандырудың жай-күйі туралы.

Баяндамашы – Индербор кенті әкімінің міндетін атқарушы Қайыржан Өтепұлы Нүриев.

🔹 Индер ауданы әкімдігінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ақпараттандыру және азаматтардың заңды құқықтарын түсіндіру жұмыстары туралы.

Баяндамашы – Индер ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы Алтынбек Маратұлы Габдуллин.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, баяндамашыларға Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/1252625?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді