
2026 жылғы 30 маусымда аудандық Нұржихан Кукланың төрағалығымен өткізілген Мағжан Жұмабаев ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында мынадай мәселелер қаралды:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіпкерлік бөлімі» КММ ауданда кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмысы туралы.
- Алтын дән ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау бойынша жұмысы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөйлегендер:
Омарова Шырайлым Рыспайқызы, Лебяжье ауылдық округінің әкімі;
Женсүгірова Гүлжан Серікқызы, ауданның кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы;
Форш Валерий Яковлевич, Алтын дән ауылдық округінің әкімі.
Отырысқа бейнеконференция байланысы режимінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің өкілі Әубәкірова Әсел қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mzh/press/news/details/1251188?lang=ru

Жауап қалдыру