Қоғамдық қабылдау өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                                           Қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты Сұлтанов Беркін Кәдірбекұлы Сағыз ауылдық  округінде қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында ауыл тұрғындары  көшеде жарық шамдарының толық жанбайтындығы, тұрғын үйінің жер көлемін үлкейту, жеке тұрғын үй кезегі  бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Әрбір көтерілген мәселе мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктер   берілді және көше жарығын іске қосу жұмыстары округ әкімінің қатысуымен аралау барысында жүргізілетін болады.

Тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнату және олардың мәселелерін шешуге ықпал ету-мәслихат депутаттарының негізгі міндеттерінің бірі.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kyzylkogin-district/press/news/details/1252508?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді