
Сіздерді еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды тарихи оқиға – Жаңа Конституцияның күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа Ата Заң – әділетті, құқықтық әрі қуатты Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекетіміздің орнықты дамуына жаңа серпін береді.
Конституция – ел бірлігінің, тұрақтылықтың және тәуелсіздігіміздің берік тұғыры. Оның қағидаттарын құрметтеу – әрбір азаматтың ортақ міндеті әрі Отан алдындағы жауапкершілігі.
Еліміздің ертеңі – білімді, еңбекқор, отаншыл жастардың қолында. Туған жеріне адал қызмет ететін жас ұрпақ Қазақстанымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қоса беретініне сенімдімін.
Осы айтулы күнде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен татулық салтанат құрсын!
Ізгі тілекпен, Жарқайың ауданының әкімі
Е. Жүсіпбеков
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/1251200?lang=ru

Жауап қалдыру