Қызыл кітаптағы жануарлар мемлекеттің қорғауында: заңсыз аңшылар жауапқа тартылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұйғыр ауданы прокуратурасының үйлестіруімен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз аңшылықтың жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.

Табиғатты қорғауға бағытталған шара барысында аудан аумағы дрондар арқылы әуеден бақылауға алынып, жол талғамайтын арнайы көліктермен патрульдеу жүргізілді.

Рейд кезінде Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықты заңсыз атып алған екі азамат анықталды.

Құқық бұзушылар оқиға орнынан бой тасаламақ болғанымен, жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде ұсталды.

 Тексеру барысында заңсыз ауланған қарақұйрық еті, аңшылық қарулары, оқ-дәрілер және қылмыс жасауға пайдаланылған өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде заңсыз аңшылық жасалған оқиға орны анықталып, қылмыстың барлық мән-жайы анықталды.

Жиналған дәлелдемелер негізінде қылмыстық іс сотқа жолданып, қылмыскерлер Қылмыстық кодекстің 337-бабы бойынша жазаға тартылды.

Аудан прокуратурасы Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды заңсыз аулау ауыр қылмыс екендігін және мұндай әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1251603?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді