
Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесі жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жөніндегі комитеттің отырысына қатыстым.
Отырыста мүгедектігі бар адамдар үшін қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ «Инватакси» қызметінің көмекшілер жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Отырысты Комитет төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің жанындағы сараптамалық кеңестің мүшесі Ольга Григорьевна Кузовлёва жүргізді.
Талқылауға ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, облыс әкімдігі аппаратының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Қатысушылар мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз ортаны қалыптастыру, қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіру мәселелерін талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-vko-oblysy/press/news/details/1250672?lang=ru

Жауап қалдыру