Шымкент қаласы бойынша ведомствоаралық комиссия жұмысы аясында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Жанұзақ және «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі «Үш бұлақ» балалар сауықтыру орталығына барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 маусым күні Шымкент қаласы бойынша ведомствоаралық комиссия жұмысы аясында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Жанұзақ және «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі «Үш бұлақ» балалар сауықтыру орталығына барды.

Бару барысында балалардың демалыс және сауықтыру жағдайлары, олардың құқықтарының сақталуы, тұрмыстық-тұрғын үй жағдайлары, тамақтануды ұйымдастыру, медициналық қызмет көрсету, қауіпсіздік шаралары және бос уақыттарын тиімді өткізуге жасалған мүмкіндіктер зерделенді.

Сондай-ақ, балалармен және орталық қызметкерлерімен сұхбат жүргізіліп, тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен ұсыныстары тыңдалды. Орталық аумағы, жатын орындары, асхана және демалыс аймақтарының жай-күйіне назар аударылды.

Адам құқықтарын қорғау, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада демалуын қамтамасыз ету және олардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуы бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1252385?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді